«Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін құру бойынша «Мектеп (балабақша, колледж) – сүйіспеншілік мекені» пилоттық жобасының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» Республикалық әдістемелік семинар

«Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін құру бойынша «Мектеп (балабақша, колледж) – сүйіспеншілік мекені» пилоттық жобасының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» Республикалық әдістемелік семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Адамды үйлесімді дамыту ұлттық институтымен бірлесіп 2022 жылғы 12 сәуірде бойынша Өскемен қаласының «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін құру бойынша «Мектеп (балабақша, колледж) – сүйіспеншілік мекені» пилоттық жобасының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» тақырыбында Республикалық әдістемелік семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - ШҚО пилоттық білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқыту және тәрбиелеу жүйесінің рухани-адамгершілік мазмұнын күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Семинар жұмысына Шығыс Қазақстан облысы пилоттық білім беру ұйымының пән мұғалімдері, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, психологтері мен әлеуметтік педагогтері қатысты.

Семинар барысында Н.Ж. Бектемисова, С.Б. Естаева, ұлттық адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми-әдістемелік бөлімінің қызметкерлері «Мектеп (балабақша, колледж) – сүйіспеншілік мекені» пилоттық жобасының бағдарламасын жүзеге асыру»;

Ахметкалиева Ғ.М., «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК бөлім меңгерушісі, өзін-өзі тану мұғалімі «Колледж –сүйіспеншілік мекені»;

Хамицевич  Л. Н., ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ өзін-өзі тану мұғалімі «Отчет о проделанной работе и перспективы работы (2021-2024 гг)»;

Рахымбаева Н. М., ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі  «Мектеп-сүйіспеншілік мекені» тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибелерімен  бөлісті.

Семинардың екінші жартысында институттың ғылыми қызметкерлері тренингтер өткізді. Қатысушылар 5 топқа бөлініп, бес тақырып бойынша жұмыс істеді: «Отбасындағы әл-ауқат факторлары», «Мектепте (балабақшада, колледжде) тәрбие жүйесін құру ерекшеліктері», «Мектепте (балабақшада, колледжде) қолайлы орта құру», «Тәрбие жүйесін модельдеу», «Мектептегі адамгершілік қатынастарды дамыту», «Оқу-тәрбие процесінің субъектілері».

Семинар соңында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетіліп, «Мектеп (балабақша, колледж) – сүйіспеншілік мекені» пилоттық жобасын дамтыту бойынша ұсыныстар берілді.