«Skills For Geeks» облыстық онлайн чемпионатының баспасөз хабарламасы

«Skills For Geeks» облыстық онлайн чемпионатының баспасөз хабарламасы

Чемпионаттың ашылуы: 2022 жылғы 14 сәуір, сағат 09.00

Өтетін орны: Өскемен қ., ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» КММ, Абай к-сі, 21, DigitalStudio мәжіліс залы (5-қабат), қалалар мен аудандардың білім беру ұйымдары.

Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ үш өлшемді компьютерлік модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника технологияларын игеру және қолдану бойынша оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында 2022 жылғы 14 сәуірде «10+» және «14+» жас санаттары бойынша «Skills for geeks» облыстық чемпионаты өткізіледі.

Чемпионаттың облыстық кезеңінің қатысушыларын анықтау үшін 19 ақпан мен 4 наурыз аралығында облыстың барлық 19 ауданы мен қалаларында, сондай-ақ облыстық мамандандырылған мектептер арасында іріктеу турлары өткізілді. Іріктеу кезеңіне барлығы 437 команда, 2656 оқушы қатысты. Аудандық кезеңдердің жеңімпаздары – 28 команда, ІТ-сыныптардан 311 оқушы жыл сайынғы облыстық чемпионатта өз білімдерін көрсетеді.

Осыншама оқушылардың қамтылуына «Amanat» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» бастамашыл жобасы түрткі болды. Бастамашыл жобаның арқасында облыстың барлық 644 мектебінде IT-сыныптар жұмыс істейді, онда оқушылар цифрлық технологияларға деген қызығушылықтарын дамытады және робототехника, бағдарламалау, веб-дизайн негіздері, 3D-модельдеу IT-бағыттары бойынша білім алады.

Чемпионаттың төрешілері ғылыми дәрежесі бар тәуелсіз мамандар, қаланың білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері болады.

Осылайша, чемпионат ІТ-бағыттың танымалдылығының өсуіне және оқушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа ынталандыруға ықпал етеді.