
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Дебат-заманауи бірегей білім беру технологиясы» тақырыбында облыстық әдістемелік-практикалық семинар өтеді.
Мақсаты – дебат технологиясын оқу үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдіс- тәсілдері және дебат қозғалысын дамыту жолдары бойынша әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 100 педагогі қатысады.
Әдістемелік-практикалық семинар бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады:
І.Тәжірибе алмасу алаңдары («Аялдама» нысанында)
ІІ.Теориялық әдістемелік бөлім.
ІІІ.Дебат ойыны.
Өтетін мерзімі мен уақыты – 14.04.2022ж. сағат 14.00-де.
Өткізу нысаны-офлайн.
Өтетін мекенжайы: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі 8/2 «№46 орта мектеп» КММ.
Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері,87017677658.