2022 жылғы 9 сәуірде Түркістан қаласы Ахмет Ясауи университетінің базасында «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарастар» география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық съезд өтті.
Съездің мақсаты – географиялық білім беруді трансформациялауды талқылау және нақты ұсыныстар әзірлеу, 2022-2023 оқу жылында оқу бағдарламаларын заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру.
Аталған шараға еліміздің барлық облыс, қалаларынан 300-ден аса делегат жиналып, Шығыс Қазақстан облысынан үздік география педагогі атағының иегері, педагог-шебер, педагог-зерттеушілер барлығы 15 мұғалім қатысты.
Съезд аясында 4 бағыт бойынша жүзеге асқан секциялық отырыстарда облысымыздың мұғалімдері:
«Географияны оқыту мазмұны: МЖМББС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар» секциясында - Кочеткова Ирина Витальевна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ, «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы білім берудің өзекті мәселелері»;
«Мектепте туристтік-өлкетанушылық, экологиялық және ғылыми-жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру» секциясында -
Исина Нургуль Омиргалиевна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№32 орта мектебі» КММ, «Нәтижеге бағытталған үдеріс: зерттеу жұмысы және оны ұйымдастыру»,
Сыгаева Гаухар Турсынгалиевна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, «География пәнін оқытуда экологиялық білім беру әдістемесі»;
Сабырбаев Нұржан Алпысұлы, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ, «ШҚО табиғи ескерткіштерін қорғау» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Съездің екінші бөлімінде ұйымдастырылған пленарлық мәжілісте ҚР білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Ш.Т. Каринова сөз сөйлеп, съезд қатысушыларының ұсыныстары мен пікірін тыңдады және шара соңында съезд қарары қабылданды.
Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.