«Бәсекелес педагог – 2022» облыстық байқауы

«Бәсекелес педагог – 2022» облыстық байқауы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 31 наурыз – 5 сәуір  аралығында білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Бәсекелес педагог – 2022» облыстық байқау кезеңін қашықтан өткізді.

Байқаудың мақсаты – педагогтердің ғылыми-әдістемелік, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл және талантты мұғалімді анықтау. 

Байқау:

  • Педагог туралы мәлімет
  • Педагогикалық іс-тәжірибесі
  • Педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі бөлімдерін қамтыды. Әр бөлім бойынша бағалау критерийлері көрсетілді.

Байқауға Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Катонқарағай, Күршім аудандарынан, Өскемен, Семей қалаларынан барлығы 10 мұғалім қатысты.

Ережеге сәйкес барлық өлшемдер негізінде комиссия мүшелері қатысушылардың жұмыстарын бағалап, келесі шешімді шығарды:

І орын – Алданыш Хуралай, ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша ББ «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;  

ІІ орын - Тоқтасынова Гүлнар Какенқызы, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша ББ «Жаңаауыл негізгі  орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;  

ІІІ орын -Ахметкалиева Маншук Ахановна, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша ББ «Мукарама атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;  

ІІІ орын - Иманкалиева Алия Бекеновна, ШҚО ББ Семей қаласы ББ «№22 ЖОББМЛ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Номинация иеленгендер:

«Үздік портфолио»  - Мажинова Гульузум Бурамбаевна, ШҚО ББ  Катон -Қарағай ауданы бойынша  ББ «Рыков атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Үздік шығармашылық жұмыс» - Хасенова Айсулу Амангельдықызы, ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша ББ «С. Ғаббасов атындағы  жалпы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Үздік сабақ жоспары» - Табиева Бақытгүл Алпысбайқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;    

«Үздік эссе» - Қабдиева Меруерт Тосумовна,  ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша ББ «Абай атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Үздік сабақ талдауы» - Дәрібаев  Дихан  Жақсыгелдіұлы, ШҚО ББ Абай ауданы бойынша ББ «Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.   

Барлық жүлдегерлер дәрежелі дипломдармен, номинация иегерлері  Алғыс хатпен марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!

Модератор - оқытудың мазмұны  және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері    А.Ж.Билялова