«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  онлайн режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мекемелерінен 10-11 сыныптардан аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары - 120 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 айналым бойынша өтті:

1 айналым – Қазақстан тарихы пәні бойынша (Онлайн тест).

2 айналым – презентацияны қорғау тақырыптары Ұлы даланың тарихи келбеті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 55 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар – 12, ІІ дәрежелі – 20,     ІІІ дәрежелі - 23).

Жүлдегерлер мен ұстаздарын, ата-аналарын

жетістіктерімен құттықтаймыз!

Болашақта тағыда жеңістер тілейміз!

"Туған жер. Туған ел. Туған глобал" облыстық пән олимпиадасының қорытындысы