
Әдіскерлердің кәсіби деңгейі мен мәртебесін арттыру, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың наурыз айы ішінде облыстық әдістемелік орталығы әдіскерлерінің қызметіне рейтингтік бағалау жүргізді.
Рейтингтің міндеті - орталық әдіскерлерінің әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы озық тәжірибесін анықтау және қолдау, кәсіби шығармашығын ынталандыру. Рейтинг объективтілік, ғылыми сипатта және ашықтық қағидаттарына негізделген.
Наурыз айының қорытындысы бойынша «Айдың әдіскері» аталымы инклюзивтік білім беру кабинетінің әдіскері Ардақ Құрманғазықызы Кубентаеваға берілді.
Лайықты жеңісіңізбен құттықтап, жұмысыңызға табыс тілейміз!