
2022 жылдың 28 наурыз бен 1 сәуір аралығында Өскемен қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы мен «Шығыс» өңірлік орталығы ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының Жас педагогтер «Феникс» клубының жылдық жоспарына сәйкес «Мұғалімнің эмоционалды мәдениеті» марафоны өтті.
Марафон барысында жас мамандар эмоцияларын қалай басқаруға болатынын түсіну мүмкіндігін алды, стресстік жағдайларда эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға және эмпатияны дамытуға арналған жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, «Теріс эмоцияларды өмірлік күшке қалай айналдыруға болады?» сұрағының жауабын талдап, «Эмоционалды күйзеліс: бақылау және алдын-алу» тақырыбы бойынша ақпараттар алды.
Марафонға 200-ден астам жас педагог мамандар қатысты.