Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру ұйымының басшысы бос лауазымына (бұдан әрі- Конкурс) орналасуға конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру ұйымының басшысы бос лауазымына (бұдан әрі- Конкурс) орналасуға конкурс жариялайды

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз  ауданы, Аягөз қаласы, Гагарин көшесі, 20/1 мекенжайы бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» КМҚК директоры.

         Негізгі қызметі: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, кәсіптік дайындық (қайта даярлау) бойынша оқу бағдарламаларын жүзеге асыру. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат;

      білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл; оның ішінде басшы лауазымында кемінде 3 жыл;

      оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.         

         Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

         Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді.

         Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

         Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

         Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

         Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

         Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

         Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады.

         Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

         Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

         Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

         Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

         Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.

         Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

         Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

         Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.

         Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

         Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Лауазымдық ақысы 199796 – 241358 теңге көлемінде.

Конкурсты өткізу орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 607 кабинет, «ШҚО білім басқармасы» ММ.

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы (бұдан әрі – Қағида)  негізінде жүргізіледі («Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                                     2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы).

Конкурсқа қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды ұсыну керек:

1) Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

          2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен    электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
            3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.    Бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдаудың алдын алу мақсатында білім беруді басқару органының кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жібереді.

           Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурстық орналасуға қатысуға жіберілмейді:

1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар жатпайды;

3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды;

4) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жүзеге асырылады.

Құжаттар хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде  2022 жылғы 04-12 сәуір аралығында PDF форматта s.kumarbaeva@akimvko.gov.kz электрондық мекенжай қабылданады, телефон: 8/7232/ 702-361.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 5-қосымша