Аутизм мәселесі және ерте диагноз қою мен араласудың маңыздылығы туралы ақпарат

Аутизм мәселесі және ерте диагноз қою мен араласудың маңыздылығы туралы ақпарат

Аутизм-бұл қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің қиындықтарымен көрінетін ерекше жағдай және психикалық дамудың бұзылуы. CDC мәліметтері бойынша әлемдегі шамамен 54 балаға аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) диагнозы қойылған.

Қоғамның аутизм туралы аз хабардар болуына байланысты АСБ бар әрбір үшінші балаға өте кеш диагноз қойылады және тиісті көмек көрсетілмейді.

2 сәуір-Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Адамдарға аутизм туралы және осындай диагнозы бар балаларды қоғамға қалай бейімдеу болатындығы туралы ақпарат беру өте маңызды. АСБ бар адамдарға уақтылы диагноз қойылса және дұрыс қолдау көрсетілсе, тәуелсіз өз бетімен өмір сүре алады. АСБ бар бала жеткілікті сөйлеу және интеллектуалды қабілеттерге ие болуы мүмкін, бірақ оларды нақты өмірде, басқалармен өзара әрекеттесу кезінде қолдануға тырыспайды.

АСБ бар балаларға ерте диагноз қою және түзету оның сәтті бейімделуімен білім алуында өте маңызды болып табылады, алайда барлық ата-аналар, ең алдымен, қандай белгілерге назар аудару керектігін білмейді.

Жас ата-аналар мен отбасылар ерте жастан бастап келесі белгілерге назар аударуы керек:

- бала қоршаған ортаға аз қызығушылық танытады,

- сөйлеспеуі немесе ерекше сөйлеуі мүмкін,

- қайталанатын әрекеттер жасайды,

- байланыс жасау қиын, көзге қарамайды,

- үйлесімді қозғалыста проблемалары болуы мүмкін.

Балада АСБ-нің алғашқы белгілері өмірінің бірінші жылында байқалады (мысалы, бала кеш отырады, ата-аналармен эмоционалды байланыс болмайды, ойыншықтарға қызығушылық жоқ, өз атына жауап бермейді). Аутизмнің белгілері 2-3 жасына қарай анықтырақ байқалады. Сондай-ақ, дағдылар пайда болған кезде регрессия пайда болады және бала бұрын білгендерін істеуді тоқтатады.

Егер ата-аналар балаларында жоғарыда аталған белгілерді байқаса, M-Chat R/F ерте диагностика тестінен өтіп, маманмен кеңесіп, араласу (интервенция) бағдарламаларынан өткен жөн (https://test.autism.help / - ерте диагностиканың онлайн тестінен өтуге сілтеме).

Анықтама: Шығыс Қазақстан облысында аутизм диагнозы бар 700-ден астам бала тұрады. Осы санаттағы балаларды сәтті бейімдеу үшін облыста 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 оңалту орталығы, 18 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыстың 75 мектебінде 75 инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.