
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул мектебі аясындағы жоспарына сәйкес 2022 жылдың 24 наурызында жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау, педагогтердің инновациялық белсенділігін дамыту мақсатында қоғамдық маңызы бар ғылыми-зерттеу және ағарту іс-шараларының жалпы республикалық жоспарын іске асыру шеңберінде «Ұлт шамшырағы - Ыбырай Алтынсарин» жас педагогтер байқауын өткізді.
Іс-шараға облыстың жалпы білім беру ұйымдарынан 1-3 жыл еңбек өтілі бар 54 жас педагог қатысып, байқауда өз бақтарын сынады. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар интеллектуалдық ой-өрістерін, көркемдік мәнерлілігін, шығармашылық және импровизациялық қабілеттерін, коммуникативтік құзіреттіліктерін, ғылыми және әдістемелік құндылықпен ұштасқан жұмыс жүйелерін көрсету бойынша сайыс кезеңдерінен өтті.
Байқаудың екінші кезеңіне іріктелген жас мұғалімдер педагогика және әдістеме бойынша тест тапсырмаларын орындады.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша байқаудың жүлдегерлері анықталды:
І орын - ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Көкбастау орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Талап Бибихан;
ІІ орын - ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша ББ «№ 16 орта мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі Базархан Аружан;
ІІІ орын- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектеп» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қуанбек Сарсен және ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Меновное орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Шваб Анна Владимировна марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша келесі аталымдар берілді:«Шығармашыл жас педагог» - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Ә.М.Рахметбаева;
«Жаңашыл жас педагог» - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ жаратылыстану пәні мұғалімі Н.Б.Бекжанатова;
«Зерделі жас педагог» - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» КММ математика пәні мұғалімі Т.Ұ.Жиеншеева.
Жеңімпаздар мен аталым иегерлері ШҚО ББ-ның дипломдары және граматоларымен марапатталды, қалған қатысушыларға «Шығыс» өңірлік орталығының сертификаттары табысталды.