
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылғы 30 наурызда «Үздік әдістемелік кабинет-2022» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – жеке педагог тұлғасының және педагогикалық ұжымның жетілуі үшін қолайлы жағдай жасау бойынша облыстық әдістемелік кабинеттердің қызметін зерделеу, тиімді жұмыс жасап жатқан әдістемелік кабинеттерді анықтау, әдістемелік жұмысты жүйелеу және жинақтау.
Сайысқа әдістемелік қызметті жүзеге асыратын Зайсан, Тарбағатай, Күршім және Үржар аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері қатысты.
«Үздік әдістемелік кабинет-2022» ережесіне сәйкес қатысушылар әдістемелік жұмыстары бойынша 4 тапсырманы ұсынды:
Комиссияның құзыретті мүшелері қатысушылардың жұмысын әділ бағалап, конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады:
Облыстық конкурс қорытындысы бойынша ШҚО ББ дипломдарымен марпатталды:
Бас жүлде иегері - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Үржар ауданық білім бөлімі» ММ:
1 дәрежелі диплом - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Күршім аудандық білім бөлімі» ММ;
2 дәрежелі диплом - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан аудандық білім бөлімі» ММ;
3 дәрежелі диплом - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Тарбағатай аудандық білім бөлімі» ММ.
Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!