
2022 жылдың 28 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай ауданында қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру (Абай ауданының мектептерін PISA зерттеуіне дайындау шеңберінде) облыстық шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Шеберлік сыныптың мақсаты: PISA талаптарына сәйкес сабақтарда функционалдық сауаттылықты дамытуда, тапсырмаларды құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Шара барысында:
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садыкова Нұржамал Әнуарбекқызы, «Орыс тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыптарында тәжірибелерін ұсынды.
- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акласова Меруерт Болатхановна, «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді әдістері мен тәсілдері».
Шеберлік сынып соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар шеберлік сынып тақырыбының өзектілігі мен функционалдық сауаттылықтапсырмаларын орындау барысында топтық жұмыстың тиімділігін атап өтіп, тәжірибелерінде пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.
Шараға Абай ауданынан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 25 мұғалімі қатысты.
Жауапты: Ресурстық орталықтың әдіскері Ж.А.Тұрсын