
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул кезіндегі іс-шара жоспарына сәйкес 2022 жылдың 30 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған қазақ тілі пәнінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру аясында «Дұрыс сөйлеу мәдениеті-сауатты жазу дағдысы» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: қазақ тілі пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру, грамматикалық талдау түрлерін жетілдіру жолдары, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын арттыру әдістерін ұсыну, тәжірибе алмасу, ой бөлісу.
Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттырудағы өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер:
Шара барысында жазылым дағдыларын жетілдірудегі қиындықтар, шешу жолдары, мәселелерді шешуде қолданылатын «Қисынсыз мәтін», «Борт жұрналы», «Еркін жазу» әдістері ұсынылды. Грамматикалық талдау түрлерін меңгертуге бағытталған «Тетрис», «Домино», «Цу е фа», «Модельдеу», «Вай-фай», «Домбыра» «Нота», «Блумның алты қадамы», «Семантикалық карта», «Бес бағыт» әдістері көрсетілді, сабақта қолданудағы тиімділігі айтылды. М.М. Жампейісованың модульдік оқыту технологиясы, оқушылардың грамматикасын, білім-білік дағдыларын тексеруге арналған бақылаудың түрлері, Quizizz бағдарламасының тиімділігі көрсетілді.
Педагогтер өзара пікір алмасып, өзіндік ойларымен бөлісті. Шеберлік сыныпқа қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері кері байланыс жасап, әріптестеріне алғыстарын білдірді. Іс-шараға 100 мұғалім қатысты.