
2022 жылғы 29 наурызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бірлескен қызмет жоспарына сәйкес аудандардың шағын жинақты мектептері директорларының және директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған онлайн режимде «ШЖМ пікірсайыс қозғалысын дамыту» тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: ШЖМ-де пікірсайыс қозғалысын дамытудың мәселелері мен бағыттарын талқылау, облыс педагогтерінің жұмыс тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату.
Семинар барысында: Шайзанова Назым Ержанқызы, Өскемен қ. «SAMGA» даму орталығының директоры, дебат және шешендік өнер бойынша жаттықтырушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі «Дебаты - уникальная образовательная технология в современных реалиях»;
Конакова Фарида Турганбаевна, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Мөнекей негізгі орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «ШЖМ пікірсайыс қозғалысын дамыту» («Дода» дебат клубының жұмысы);
Анищенко Ольга Игоревна, ШҚО ББ Бородулиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ивановская орта мектебі» КММ директордың м.а., Громов Николай Викторович, информатика пәні мұғалімі Дебатный клуб «Встреча без галстуков»;
Сайдуллаева Камалхан Токбосыновна, ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақтанберді атындағы орта мектеп-балабақша» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Дебат өнері: пікірталаста қалай үздік болуға болады?»;
Гладышева Анна Петровна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Веселовка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Развите дебатного движения в урочной и неурочной деятельности в сельской малокомплектной школе»;
Манкыбаева Макпал Толеугазиновна, ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Шағын жинақталған мектепте пікірсайыс қозғалысын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау»;
Николаева Людмила Александровна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Чапаев орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Реализация общенационального культурно-образовательного проекта «Дебатное движение школьников «Ұшқыр ой алаңы»;
Дүрімхан Анаргүл, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Шағын жинақталған мектептердегі дебаттық қозғалыс» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар аясында қатысушылар ШЖМ тәрбие жоспарын перспективалық жоспарлаудың кезінде пікірсайыс қозғалыстың жандануы ерекшелігі бойынша мәселелерді талқылап, пікірсайыс жұмысы арқылы мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылығын дамыту бойынша пікір алмасты және әдістемелік көмек алды.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды - спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қорытынды жасады.
Іс-шараға ШЖМ мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері барлығы 140 адам қатысты.
Модераторлар: Бошаева Гульнара Манашевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері;
Егорина Лариса Викторовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертхана меңгерушісі;
Батырқанова Маржангүл Зарлыққызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертхана меңгерушісі.