«Ағылшын тілі сабақтарында ауызекі сөйлеуді дамытудың тиімді әдістері» өңірлік семинар

«Ағылшын тілі сабақтарында ауызекі сөйлеуді дамытудың тиімді әдістері» өңірлік семинар

2022 жылдың 30 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Семей қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «№28 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында ауызекі сөйлеуді дамытудың заманауи әдістерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сабақ барысында айтылым дағдыларын дамытудағы мәселелер мен шешу жолдарын талқылау, ағылшын тілі мұғалімдері арасында әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу.

Семинар барысында Глубокое ауданының, «Опытнопольская орта мектебі» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі, CELTA сертификатының иегері Шеремет Оксана Васильевна «How to teach speaking», «TBL (Task Based Learning) as a tool to develop fluency» тақырыптары бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті.

«How to teach speaking» шеберлік сынып барысында тренер мұғалімдерге оқушылардың дыбыстарды дұрыс айтылуын, дикциясын және риясыз сөйлеуін дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен тәсілдерін көрсетті. Екінші шеберлік сыныпта: тіл - қойылған мәселені шешу үшін коммуникация құралына айналатын «Task Based Learning» тәсілінің тиімділігін түсіндірді.

Тренер әр түрлі жаңылтпаштарды, сөйлемдердің ырғақтарын, әндердің үзінділерін қолданды. Айтылым дағдыларын жаттықтыру үшін «Small Talk» түрлі әңгімелерінің сын тұрғысынан ойлау элементтері, оқушыларды сабаққа тарту үшін суреттермен жұмыс, «Grass Skirt» интерактивті тәсілдері, сұхбат, рөлдік ойындар қолданылды.

Мұғалімдер оқушылардың айтылымын пысықтауға арналған әдістерді қолдануды үйренді және өздері интерактивті жағдайларда әңгімелесуге машықтанды. TBL сабағын жоспарлауды үйренді.

Семей қаласының «№10 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі Крылова Юлия Сергеевна «Developing Listening and Speaking Skills in EFL», «Games for Children to Learn in English Class» тақырыптары бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті.

Бірінші шеберлік сынып ағылшын тілі сабақтарында тыңдалым және айтылым дағдыларын оқытумен байланысты мәселелерді зерттеуге арналды. Педагог сабақтарда танымал әндер мен бейнефильмдерді пайдалануға байланысты стратегияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

«Games for Children to Learn in English Class» шеберлік сынып барысында педагог ағылшын тілі сабақтарында лексика-грамматикалық материалды бекіту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін қолданылатын ең тиімді ойындардың теориялық және практикалық танысуын ұйымдастырды.

Семинар туралы өз пікірлерінде қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығы мен тиімділігін атап өтіп, болашақта осындай семинарларды жалғастыруды ұсынды. Семинарға Семей қаласының 30 мұғалімі қатысты.

Жауапты - Ресурстық орталықтың ағылшын тілі пәнінің әдіскері Жанузакова Н.А.