Жаратылыстану (биология, химия, физика, информатика) пәндер мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тақырыбында өңірлік семинар

Жаратылыстану (биология, химия, физика, информатика) пәндер мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тақырыбында өңірлік семинар

2022 жылдың 29 наурызында ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Аягөз, Үржар және Жарма аудандарының жаратылыстану (биология, химия, физика, информатика) пәндер мұғалімдеріне арналған «Жаратылыстану бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тақырыбында өңірлік семинар өткізді.

Семинар мақсаты: жаратылыстану бағытында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу, CLIL оқыту әдістерін талқылау, тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын CLIL сабақтарында дамыту жолдарымен бөлісу.

 Семинар Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ базасында ұйымдастырылды. Семинар барысында Семей қаласындағы «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия» КММ-ның ұстаздары: биология пәні мұғалімі Токсеитова Сауле Маратовна, химия пәні мұғалімі Нурпеисова Баглан Баймуратовна, физика пәні мұғалімі Есімбекова Жұпар Серікболқызы үш тілде білім беру (CLIL әдісі) жағдайында пән мен тілді кіріктіру арқылы оқыту тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын көрсетті. Мұғалімдер шеберлік сынып барысында тақырып бойынша топтық жұмыс арқылы белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Семинарға Аягөз,Үрджар және Жарма аудандарынан 52 мұғалім қатысты.

Жауапты-Ресурстық орталықтың жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерінің әдіскері Абишова Г.М.