«Ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар

«Ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар

2022 жылдың 29 наурызында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  Аягөз ауданының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған Аягөз қаласында «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ базасында «Ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты - ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сабақ барысында тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым дағдыларын дамытудағы проблемалар мен шешу жолдарын талқылау, ағылшын тілі мұғалімдері арасында әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу.

Семинар барысында Өскемен қ., «№12 мектеп-гимназия» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі, CELTA сертификатының иегері Мухамадиева Кульзира Жакеновна, «Using information and communication technologies for developing lexical skills» тақырыбы бойынша, «Семей қ. №6 Гимназия» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі, CELTA сертификатының иегері Стопычева Анна Михайловна «Motivating and engaging learners through the use of online resourcers» тақырыбы бойынша мұғалімдерге шеберлік сыныптарын көрсетті.

Педагогтер семинар жұмысына белсенді қатысты. Шеберлік сыныптар барысында мұғалімдер қызықты және белсенді жұмыс түрлері арқылы оқушыларды оқу үдерісіне ынталандыруға және тартуға мүмкіндік беретін онлайн ресурстармен танысты. Quizizz.com, Baamboozle, poll everywhere, learnhipenglish.com. тәріздес сайттарды пайдалануды үйренді, сонымен қатар мұғалімдер осы сайттардан дайын материалдарын пайдаланып қана қоймай, өз викториналарын, тапсырмалары мен тесттерін құруды үйренді.

Семинар қатысушыларға ұйымдастырылған шараның маңыздылығы мен тиімділігін кері байланыс арқылы атап өтіп, болашақта осындай семинарларды жалғастыруына ұсыныс жасады. Семинарға Аягөз ауданынан 33 мұалім қатысты.

Жауапты-Ресурстық орталықтың ағылшын тілі пәнінің әдіскері Жанузакова Н.А.