
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 29 наурызында көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Бастауыш мектептегі білім беру үдерісі субъектілерінің
коммуникативтік құзыреттілігін дамыту бойынша жұмыс жүйесі» тақырыбында практикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісі субъектілерінің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту бойынша озық инновациялық тәжірибені жинақтау және тарату.
Семинарда "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ педагогтарының жұмыс тәжірибесі ұсынылды.
Семинар барысында ШҚО ББ "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі Ахаева Наталья Васильевна бастауыш мектептегі білім беру процесі субъектілерінің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту моделімен таныстырды.
Стеблецова Ирина Станиславовна - директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі бастауыш сынып оқушыларын тұлғалық дамыту құралы ретінде «Дебатқа кіріспе» таңдау курсымен таныстырды.
ШҚО ББ "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" педагогтері: Калиакперова Татьяна Николаевна – бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші; Симкина Татьяна Васильевна – кітапханашы; Отческая Ирина Борисовна – педагог-психолог, педагогика ғылымдарының кандидаты; Ермакова Анастасия Геннадьевна - бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, әдістемелік бірлестігінің жетекшісі; Авдеева Наталья Владимировна-бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы; Кожахметова Айнур Нурбековна - қазақ тілі мұғалімі, педагог-сарапшы; Мацак Екатерина Сергеевна-ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші, Тихтилова Вероника Евгеньевна – "ағылшын, неміс, француз тілдерінің мұғалімі" мамандығы бойынша Қазақстан-Америка Еркін университетінің американдық бағдарламасының студенті, практикант; Метелева Лариса Куприяновна – педагог-модератор, музыка пәні мұғалімі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта дамыту бойынша жұмыс жүйесімен таныстырып, шеберлік сыныптарын көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды.