
2022 жылдың 29 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін тарату мақсатында «Педагогтердің нәтижелі жұмысы – тәжірибеге» («Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу)атты онлайн-семинар өткізді.
Аталған іс-шараға 200-ден астам аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептер мен облыстың білім беру ұйымдары директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер қатысты.
Семинар модераторы - Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі, семинардың басында облыстық конкурстың материалдарына қойылған талаптар және нәтижесі туралы айтып өтті.
Онлайн - семинар барысында конкурс жеңімпаздары Орамалова Айзат Женискановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі «Авторлық бағдарлама дайындаудың әдістемесі» тақырыбында, Каленова Куляим Серикбаевна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сыныптарда ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы негіздерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында, Болысова Гульмира Махсутхановна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі «Бағдарламада теория мен практиканы қалай ұштастырдым?» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында ұйымдастырылған кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.
Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.