
2022 жылдың 29 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі каникул мектебі жоспарына сәйкес «Сабақты өзіндік талдау-сапалы сабақ кепілі» әдістемелік онлайн семинарын өткізді.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, барлығы 100 адам қатысты.
Семинардың мақсаты - сабақты өзіндік талдау маңыздылығын мұғалімнің кәсібилігінің көрсеткіші және өз нәтижелерін зерделеп сабақтың тиімділігін арттыру мүмкіндігі ретінде көрсету.
Шара барысында: Паншина Татьяна Викторовна, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Педагогикалық білім беру және менеджмент» кафедрасының доценті, п. ғ. к «Рефлексия педагога как условие эффективности процесса обучения»;
Мамиева Мара Имашевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы «Методические аспекты самоанализа урока в условиях обновлённого содержания образования»;
Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп- лицейі», т.ғ.к, тарих пәнінің мұғалімі, «Сабақты дұрыс жоспарлау және сабақты өзіндік талдау сапалы нәтиже бере ме?» тақырыптарында сабақты өзіндік талдаудың теориялық мазмұнын және практикалық жолын көрсетіп, әдістемелік қолдау көрсетті.
Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын кері байланыс арқылы жеткізді.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.