Қазақстандағы Балалар жылына арналған әскери жастар арасында суда-құтқару жүзу бойынша IV облыстық турнирін өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстандағы Балалар жылына арналған әскери жастар арасында суда-құтқару жүзу бойынша IV облыстық турнирін өткізу туралы  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚР Тұңғыш Президентінің «Саналы азамат» жобасының «Қоғамдық сананы жаңарту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ШҚО білім басқармасының ««Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК Қазақстандағы Балалар жылына арналған әскерге шақыруға дейінгі, әскерге шақыру және әскери жастар арасында суда құтқару көпсайысы бойынша IV облыстық түрнирін өткізеді .

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

Жарыс мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

- жастарды әскерге шақыру, әскерге шақыруға дейінгі және әскердегі қысылтаяң жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындығын қалыптастыру;

- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәдениет тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аударуын қалыптастыру;

- жас ұрпақтың саналы және жауапты қарым-қатынас мәселелерінің жеке және қоғамдық қауіпсіздігін қалыптастыру;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- жас ұрпақтың физикалық дамуын жетілдіру.

Турнир 2022 жылғы 31 наурызда Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы,1/2, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өткізіледі.

Турнирдің дайындау және өткізу бойынша жалпы басшылығын ҚР ІІМ ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті,  ШҚО білім басқармасының  «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы», Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ Өскемен қаласы әкімдігінің жас құтқарушылар мектебі қолдауымен жүзеге асырады. Турнир Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп–орталығы» КММ қолдауымен өткізіледі.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталады.

Толығырақ қосымша ақпарат алу үшін 8/7232/701516 телефонына хабарласуға болады.