Халықаралық PISA-2022 зерттеуі

Халықаралық PISA-2022 зерттеуі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының көктемгі демалыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 24 наурызынан 15 сәуіріне дейін мектептерде PISA-2022 халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша консультативтік жұмыстар жүргізілуде.

Бекітілген жоспар мен кесте негізінде 2022 жылдың 25,28,29 наурызында Өскемен қаласының төрт мектебінде, Риддер қаласының екі мектебінде,  Семей қаласының алты мектебінде және Абай, Алтай, Аягөз, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Ұлан, Шемонаиха аудандары бойынша барлығы     29  мектепте офлайн форматта  математика, физика, орыс тілі мен әдебиеті, химия, биология, география пәндерінен PISA –халықаралық зерттеу жұмыстарына байланысты облыстың 40 шебер және зерттеуші педагог-тренерлері  PISA тестінің оқу сауаттылығы, жаратылыстану бағытында мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгілейтін көрсеткіштері бойынша   тапсырмаларын талқылау және орындау арқылы  шеберлік сыныптарын көрсетті.  Аталған жұмыс барысында барлығы 1063 оқушы қамтылды.

29-30 наурыз аралығында консультативтік жұмыс жүргізген 40 педагог-тренер кеңес беру және кері байланыс жұмыстарын онлайн форматта жалғастырады.

Халықаралық зерттеуге кездейсоқ әдісімен іріктелген  мектептердің пән мұғалімдері бекітілген кесте бойынша оқушылармен дайындық жұмыстарын  наурыз айының 31- нен сәуір айының 15-не дейін жүргізеді.