«Мектеп, ата-ана, отбасы» жобасы бойынша Семей қ. физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының жұмыс тәжірибесін тарату онлайн-семинары

«Мектеп, ата-ана, отбасы» жобасы бойынша Семей қ. физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының жұмыс тәжірибесін тарату онлайн-семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы көктемгі демалыс мектебінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 25 наурызда Семей қ. физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының жұмыс тәжірибесін тарату бойынша «Мектеп, ата-ана, отбасы» жобасын іске асыру облыстық онлайн-семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - облыс мектептерінің педагогтерін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесі негізінде мектеп пен ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін күшейтуді көздейтін мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылының жаңа форматымен таныстыру.

Семинар жұмысына тәрбие жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері, психологтер қатысты. ZOOM-платформа мен YouTube-арнадағы қатысушылардың жалпы саны 300-ден астам педагогты құрады.

Семей қ. физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының спикер-педагогтері - Абылкасимова Лариса Оралбайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  педагог-ұйымдастырушылар - Волмер Динара Тахировна және Орынбекова Назерке Тлеубековна, педагог-психологтер - Кочетова Марина Анатольевна және Жоламанова Алия Советхановна мектеп өмірінде ата-аналарды отбасылық тәрбиенің әртүрлі аспектілері бойынша оқытуға бағытталған «Мектеп, ата-ана, отбасы», «Берік отбасы», «Біз жай ғана отбасымыз», «Ата-ана университеті» жобаларын іске асыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға  қатысушылар оқушыларды ерте кәсіби бағдарлау жобаларын іске асыруға үлкен қызығушылық танытты және спикерлер мен ұйымдастырушыларға іс-шараны мазмұнды өткізгені үшін алғыс білдірді.

Модератор: Исаев А.А., ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы кабинетінің меңгерушісі.