
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 25 наурызда көктемгі каникул кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес «Өнер мектебінде оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи әдістері» онлайн-семинар өткізді.
Семинарға музыка және өнер мектептерінің домбыра, баян (аккордеон), фортепиано, хореография, вокал, музыка теориясы, үрлемелі және ұрмалы аспаптар, бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер сыныптары бойынша 400-ден аса қосымша білім беру педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты – Шемонаиха аудандық өнер мектебі оқытушыларының жұмыс тәжірибесін тарату арқылы педагогтердің шығармашылық қызметін қалыптастыру, сандық құзыреттіліктерін дамыту, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік ықпал ету.
Шемонаиха аудандық өнер мектебінің директоры Добжанская Ю.Б. көрсетілім көрсетіп, мектептің жұмыс жүйесімен таныстырды.
Семинар барысында ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Өнер мектебі» КМҚК педагогтері заманауи әдістер бойынша цифрлық құзіреттілікті дамыту шеңберінде шеберлік сыныптарын ұсынды:
Росина Е.А., директордың оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары, аккордеон, жеке ән айту сыныптарының оқытушысы «Использование Google-инструментов в коллективной работе с педагогами»;
Журавлева И.Б., директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, бейнелеу
өнері сыныбының оқытушысы «Арт-марафон как инновационный метод проведения конкурсов по изобразительному искусству»;
Иванова Е.Г., музыка теориясы сыныбының оқытушысы «Возможности применения интерактивных игр в музыкальном образовании детей»;
Худякова С.Ю., орыс домрасы, домбыра сыныптарының оқытушысы «IT технологии в работе преподавателя школы искусств»:
Гиль Е.С., музыка теориясы сыныбының оқытушысы «Видео – урок как метод организации обучения»;
Казизова А.М., домбыра сыныбының оқытушысы «Работа в Хромакее»;
Мурашова О.М., жеке ән айту сыныбының оқытушысы, үлкен балалар хорының жетекшісі «Опыт работы в дистанционном режиме обучения на вокально-хоровых дисциплинах»;
Кондыбаева Ж.К., хореография сыныбының оқытушысы «Влияние цифровых технологий на хореографическое искусство»;
Силантьева Е.А., фортепиано сыныбының оқытушысы, концертмейстер «Инновационные методы работы в классе фортепиано»;
Садова Е.В., фортепиано сыныбының оқытушысы «Профессиональная мобильность и изобретательность – определяющие качества педагога в современном обществе»;
Пестов А.В., үрлемелі және ұрмалы аспаптар сыныбының оқытушысы «Формирование чувства ритма через игру гамм в классе духовых инструментов»;
Нурмагамбетова С.С., бейнелеу өнері сыныбының оқытушысы «Компьютерное моделирование в изобразительном искусстве»;
Бурлягина М.Г., бейнелеу өнері сыныбының оқытушысы «Мастер- класс как интерактивный метод организации обучения детей на изобразительном отделении школы искусств».
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, семинар өте жоғары, кәсіби деңгейде өткенін айта отырып, ұсынылған шебер сыныптардан алған әсерлерімен бөлісіп, заманауи сандық технологиялар бойынша тиімді әдістемелік қолдау алғандарын атап өтті.
Модератор: Нурмухамедова Эльста Алибековна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.