«PISA халықаралық зерттеуіне дайындық кезінде тиімді әдістерді қолдану» онлайн - семинары

«PISA халықаралық зерттеуіне дайындық кезінде тиімді әдістерді қолдану» онлайн - семинары

2022 жылғы 24 наурызда көктемгі каникул мектебі шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «PISA халықаралық зерттеуіне дайындық кезінде тиімді әдістерді қолдану» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - PISA есептерін шешу құралдары, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру формалары мен әдістері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шараларға PISA-2022 зерттеуіне қатысатын облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика және физика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында:

Сахариева Бальзам Мухтаровна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Ш. Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»;

 Олжаханова Қарлығаш Абзалхановна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша ББ «№22 мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі «Оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын арттыру»;

Анохина Наталья Григорьевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ физика пәні мұғалімі  «Физика сабақтарында оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту шарты ретінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру»;

Кадирова Зина Кадировна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№47 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық: сабақта оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар қолдану» тәжірибелерімен бөлісті .

Семинар барысында спикерлер оқушылардың кесте, график түрінде берілген есептерді шешу бойынша деректермен жұмыс істеу, нақты жағдайдың математикалық моделін құру, қаржылық контексте математика мен физиканы қолдану дағдыларын қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, тәжірибелерінде  пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.

Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі  кабинетінің математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері, 87774966377.