«Шағын жинақты мектептегі көшбасшылық және басқару» облыстық онлайн-вебинар

«Шағын жинақты мектептегі көшбасшылық және басқару» облыстық онлайн-вебинар

2022 жылғы 24 наурызда ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жоспарына сәйкес аудандардың шағын жинақты мектептері директорларының және директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған онлайн режимде «Шағын жинақты мектептегі көшбасшылық және басқару»  онлайн-вебинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: сапалы білімді арттырудың тиімді жолдары және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша шағын жинақты мектепті басқару тәжірибесін зерделеу, жинақтау және тарату.

Семинар барысында: Капанова Галия Чабанбаевна, ШҚО ББ  Катонқарағай ауданы бойынша білім  бөлімінің  «Ақсу орта мектебі»  КММ директоры «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  шағын жинақты мектепті басқару»;

Манапова Альфия Сайлаубековна, ШҚО ББ  Ұлан  ауданы бойынша білім  бөлімінің «Привольное орта мектебі» КММ директоры «Инновационные методы и подходы в совершенствовании молокомплектных школ»;

Егизбаев Максат Делдерканович,  ШҚО ББ Күршім  ауданы бойынша білім бөлімінің  «№5 Күршім орта мектебі»  КММ директоры «ШЖМ-те жоба жұмысы артқылы мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылығын дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар аясында қатысушылар ШЖМ оқу-тәрбие жоспарын жоспарлаудың ерекшелігі бойынша мәселелерді талқылап, мектеп құжаттамасын жүргізу, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жоба жұмысы артқылы мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылығын дамыту бойынша пікір алмасты  және әдістемелік көмек алды.

Вебинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды - спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қорытынды жасады.

Іс-шараға мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 100 адам қатысты.

Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджменті кабинетінің әдіскері.