
ШҚО білім басқармасы қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Электротехникалық колледжімен бірлесіп 2022 жылғы 18 наурызда «Ыбырай Алтынсарин әңгімелері - тәрбиенің алтын діңгегі» (Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен) облыстық бейнекөріністер байқауының қорытындысын шығарды.
Байқаудың мақсаты: студенттердің рухани қорын, мәдени эстетикалық деңгейін кеңейту, ұлы жазушының шығармашылығын насихаттау.
Қатысушылардың жұмыстарын сараптамалық комиссия мүшелері бағалай келе, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:
І-орын: Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, жетекшісі: Аймухамбетова Гүлназ Ахметовна;
І-орын: Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, жетекшісі: Даутова Мадина Токтаровна;
ІІ - орын:
Семей көпсалалы колледжі, жетекшісі: Исина Сезимгуль Кабишовна;
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі, жетекшісі: Мусабаева Гүлзада Виталийқызы;
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, жетекшісі: Мукышева Cалима Алпысовна;
ІІІ – орын
Өскемен көпсалалы технология колледжі, жетекшілері: Тулькубаева Динара Амангельдиновна, Қизатова Еркежан Асанқызы;
Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі, жетекшісі: Рахимжанова Анар Шариповна;
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, жетекшісі: Ахметкалиева Ғалия Мубараковна;
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, жетекшісі: Оқасова Ғалия Тұрысбековна.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!