Мектеп психологтеріне «PISA: оқушыларды психологиялық қолдаудың қиындықтары мен стратегиялары» облыстық семинары

Мектеп психологтеріне «PISA: оқушыларды психологиялық қолдаудың қиындықтары мен стратегиялары»   облыстық семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы PISA халықаралық зерттеуіне дайындық аясында 2022 жылдың     17 наурызда психологиялық қызметке жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, халықаралық зерттеуге қатысатын облыс мектептерінің психологтері үшін «PISA: білім алушыларды психологиялық қолдаудың қиындықтары мен стратегиялары» атты облыстық семинар өткізді. Барлығы 100 педагог қатысты.

Семинар барысында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскер-психологі А. К. Кубентаева «PISA: білім алушыларды психологиялық қолдаудың қиындықтары мен стратегиялары» ата-аналар жиналысын өткізу алгоритмі және «Оқушыларды PISA-2022 зерттеуіне қатысуға психологиялық дайындау» оқушыларға психологиялық көмек көрсетудің бірыңғай күнін ұйымдастыру барысы туралы айтты.

Семинарда жұмыс тәжірибесін ұсынғандар:

- Өскемен қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығы» тренері Әбілғазина Райхан Дәулетханқызы, «Бағалауға дайындық жағдайында оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдау»;

- ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Парфенова Ольга Сергеевна, -оқушылар мен ата-аналарға арналған сауалнама;

Риддер қаласының білім беру бөлімінің әдіскері, облыстық психологтер қауымдастығының мүшесі - Кряжева Елена Владимировна, - PISA зерттеуіне қатысатын оқушыларға жадынама;

ШҚО ББ Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің «Маяковский атындағы ОМ» КММ педагог-психологі, облыстық психологтер қауымдастығының мүшесі Тагиева Индира Таваккул-кызы - ата-аналарға арналған кеңестер ұсынды.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.