
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16 наурыз күні облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «Педагог-шебер» шыңына жету жолдары» облыстық шеберлер шеруін («ZOOM» платформасы арқылы) өткізді.
Шараның мақсаты – педагог-шеберлердің тәжірибесі арқылы педагогтердің шығармашылық педагогикалық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік көмек көрсету.
Шара барысында педагог-шеберлер Оразгалиев Руслан Тоханович, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «К.Біләлов атындағы мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі «Оқушыларды зерттеу сұрақтарымен жұмыс жасауға баулу»,
Жақман Гүлсім Қәдесқызы ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі, «Аймақтық компоненттерді тарих сабағында тиімді пайдалану жолдары» іс-тәжірибелерінен шебер-сынып көрсетеді.
Шара соңындағы кері байланыста қатысушылар спикердің шебер деңгейге жетудегі жұмыс жүйесі бойынша іс тәжірибесінен алған білімдерін жұмыс барысында қолданатындарын атай келе, спикерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.