
2022 жылдың 15 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Мектептегі тарихи пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» атты тарих пәні мұғалімдерінің республикалық съезі аясында «Тарих пәнінен білім беруді дамыту: бүгіні мен болашағы» облыстық форумын өткізді.
Форумның негізгі мақсаты - республикалық съезд жұмысының қорытындысы бойынша айқындалған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда жалпы білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдерімен пәнді оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау, өзара тәжірибе алмасу.
Шараға Ы. Алтынсарин атындағы ҰҒА-ның мен ЖОО ғалымдары, аудандық(қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, пән ассоциация жетекшілері,тарих пәні мұғалімдері, барлығы 330 адам қатысты.
Форумды «Шығыс» өңірлік орталығының директорының м.а. Абетаева Гүлнара Зекеновна алғы сөзбен ашып, қатысушылардың жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.
Форум барысында «Шығыс» өңірлік орталығының оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Абраимова Бахыт Касеновна съезде қаралған мәселелерге шолу жасады.
Форумның пленарлық бөлімінде - Ы. Алтынсарин атындағы ҰҒА тарих ғылымдарының кандидаты, доцент «Қазақстан тарихы» зертханасының меңгерушісі Ескалиев Самат Амангелдіұлы «Қазақстан тарихы білім мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша тұжырымдама жобасы»;
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Алпысбес Махсат «Совершенствование преподавания истории в образовательных учреждениях Казахстана»;
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Мукатаева Зәуре Кадырбайқызы, «Жоғары оқу орындарында тарих пәні мұғалімдерін даярлаудың өзекті мәселелері»; ШҚО ББ Өскемен қаласының білім бөлімі «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ т.ғ.к., тарих пәні мұғалімі, педагог шебер Чекетаева Роза Сарқытбекқызы «Қазақстан тарихы пәнінен қорытынды аттестациялау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Форумның 4 тәжірибелік алаңында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында тарих пәнін оқыту мәселелері жан- жақты талқыланды. Тарихи білім берудің өзекті мәселелері бойынша түрлі пікірлер айтылып, форумда қаралған өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар жасалды.
Шара соңындағы кері байланыста қатысушылар өзара пікір алмасты. Спикерлер мен алаң модераторларына ризашылық білдіріп, форум ұсыныстары бойынша алдағы тұрған мақсат-міндеттерді орындау барысында шығармашылық табыс тіледі. Тарих пәні мұғалімдері үшін аудандық/қалалық білім бөлімдері тарапынан съезд аясындағы шаралар жалғасын табады.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының оқыту мазмұны және білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Абраимова Бахыт Касеновна.