«Ағылшын тілінде оқытуды енгізе отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаларға дайындық модельдері» әдістемелік семинар-практикумның БАСПАСӨЗ -ХАБАРЛАМАСЫ

«Ағылшын тілінде оқытуды енгізе отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаларға дайындық модельдері» әдістемелік семинар-практикумның БАСПАСӨЗ -ХАБАРЛАМАСЫ

2021-2022 оқу жылына арналған көктемгі каникул мектебі аясында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ базасында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадаларға дайындық модельдері» тақырыбында ағылшын тілінде ЖМБ пәндерін оқытудағы озық педагогикалық тәжірибені тарату және олимпиадаларға дайындық бойынша офлайн-семинар өткізеді.

Семинар аясында:

- математика, физика, информатика, химия және биология пәндерінен әдістемелік алаңдары;

- «Оқушыларды олимпиадаларға дайындау және ағылшын тілінде оқыту мәселелері» дөңгелек үстелі;

- тәрбие бағыты бойынша зертханалық жұмыстар көрмесі;

-тәжірибе алмасу: олимпиадаларға дайындық әдістері, тәсілдері және ерекшеліктері ұсынылады.

Әдістемелік онлайн-семинар 2021 жылдың 18 наурызы өтеді.

Өткізу уақыты - қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін - 9.00 сағ.

Жауапты: оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері Айгуль Халелевна Желпакова, 87774966377.