2022 жылғы 3 наурызда Петропавл (Қызылжар) қаласындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында
«Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті.
Съезді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін тарих пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Еліміздегі тарих мұғалімдері бас қосқан бұл ірі жиынға 300 астам делегат жиналып, Шығыс Қазақстан облысынан 19 мұғалім қатысып қайтты.
Съезд жұмысы ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанат ұлының алғы сөзімен ашылды. Ы. Алтынсарин атындағы ҰҒА президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы , тарихшы ғалымдар Қабулдинов З.Е.,Сыдықов Е.Б. т.б ғалымдар баяндама жасады.
Съезд жұмысында 5 секцияда төмендегі тақырыптар бойынша талқылаулар өтті.
1.Орта мектепте тарих пәнін оқыту мазмұны: МЖМББС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар.
2.Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар.
3.Мектеп оқушыларының тарих пәні бойынша ғылыми- жобалық зерттеулері.
4.Республикада тарих пәні мұғалімдерін дайындау, кәсіби біліктілігін көтеру, аттестаттау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар.
Съезде басты назар тарих пәнін оқытудың жаңа тұжырымдамасы жобасын талқылауға бағытталды.
І. Ұлттық тарих бейнелеудің базалық үлгісі төмендегідей қағидалар мен тәсілдерге негізделіп оқыту ұсынылды:
ІІ. Ұлттық тарихты бейнелеудің базалық үлгісінің мазмұны
Тарихи үдерістің жалпы құрылымын төмендегі кезеңдерге бөліп қарастыру ұсынылды:
І.Ежелгі (тарихқа дейінгі) кезең.
ІІ.Ерте көшпелілер кезеңі (көне тарихи кезең).
ІІІ.Түркі кезеңі.
VII. Кеңестік кезең.
VIII. Тәуелсіз Қазақстан кезеңі.
Секцияда айтылған ұсыныс, талап тілектер жинақталып, министр олардың орынды екенін, біртіндеп жүзеге асатыны туралы қорытынды сөзінде айтып өтті.
ШҚО тарих пәні мұғалімдерімен 2022жылдың 15 наурызында съезд аясында форум өткізу жоспарланды.