Әдіскерлердің кәсіби деңгейі мен мәртебесін арттыру, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға жағдай жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың ақпан айы ішінде облыстық әдістемелік орталығы әдіскерлерінің қызметіне рейтингтік бағалау жүргізді.
Рейтингтің міндеті - орталық әдіскерлерінің әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы озық тәжірибесін анықтау және қолдау, кәсіби шығармашығын ынталандыру. Рейтинг объективтілік, ғылыми сипатта және ашықтық қағидаттарына негізделген.
Ақпан айының қорытындысы бойынша «Айдың әдіскері» аталымы педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігін дамыту кабинетінің әдіскері Ақмарал Қанағатовна Даурембаеваға берілді.
Лайықты жеңісіңізбен құттықтап, жұмысыңызға табыс тілейміз!