Баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 28 ақпан мен 4 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында баскетболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының жарысы өтті.

Жарысқа 109 оқушыны қамти отырып, аудан/қалалардың (ұлдар мен қыздар) құрама командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинация бойынша үздік ойыншылар:

– Үздік қорғаушы -  Ишмуратов Ильяс, 8 сынып оқушысы, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы; Кирюхина Анастасия, 8 сынып оқушысы, «№30 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы.

- Үздік шабуылшы – Цыбульский Александр, 11 сынып оқушысы, «М. Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы; Кирикбаева Молдир, 9 сынып оқушысы, «№1 Белоусовка орта мектебі», Глубокое ауданы.

- Үздік орталық ойыншы - Исмаилов Махамбет, 11 сынып оқушысы, «Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі» КММ, Өскемен қаласы; Здорова Олеся, 9 сынып оқушысы, «№37 көпбейінді орта мектеп», Өскемен қаласы.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы;

3 орын – Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің командасы.

Қыздар:

1 орын – Глубокое ауданының құрама командасы;

2 орын – Үржар ауданының құрама командасы;

3 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!