
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 4 наурызда математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының математика пәні бойынша 22 мұғалім қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
І орын - ШҚО ББ Жарма аудандық білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Қизатолла Серікбек;
ІІ орын - ШҚО ББ Күршім аудандық білім бөлімінің «Н.Островский атындағы №4 орта мектебі» КММ мұғалімі Нурахметова Жанар Казезкановна;
ІІІ орын - ШҚО ББ Үржар аудандық білім бөлімінің «Науалы орта мектебі» КММ мұғалімі Касымов Ерасыл Аскерханович марапатталды.
Олимпиадаға қатысушы барлық педагогтерге сертификат берілді.
Олимпиада жеңімпаздары (төрт адамнан тұратын команда) ағымдағы жылдың 29-30 наурызында Атырау қаласында (Атырау облысы) өтетін математика пәні бойынша «Математикалық регата» республикалық олимпиадасына қатысады.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, республикада жеңіс тілейміз!
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері Желпакова Айгуль Халелевна.