
2022 жылдың 3 наурызында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Нұр Отан партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасындағы «Саналы ата-ана» курсын барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастыру жөніндегі Жол картасын орындау аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің психологиялық қызметке жетекшілік ететін әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының психологтеріне «Саналы ата-ана» облыстық оқыту семинар-практикумын онлайн форматта өткізеді. Шараға 200 педагог қатысты.
Іс-шараны ШҚО ББ «Шығыс» ӨО тәрбие жұмысы бойынша кабинет меңгерушісі Исаев А. А. алғы сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскер-психологі А.К. Кубентаева «Саналы ата-ана» курсы туралы ақпаратпен бөлісіп, курстың мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, оның облыстағы білім беру ұйымдарында іске асырылу барысы туралы айтып берді.
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«А. Байтұрсынов атындағы №20 мектебі» КММ педагог-психологі Серикбаева М.Н., «Саналы ата-ана» курсының ерекшеліктері, оның ата-аналармен жұмыс істеудің басқа түрлерінен айырмашылығы;
ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Шакиртова М.С., «Ата-аналар тобын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ педагог-психологі Мускенова А.М., «Саналы ата-ана» курсына ата-аналарды тарту тәсілдері мен нысандары» тақырыптарында іс-тәжірибелерін ұсынды.
Семинар соңында «Саналы ата-ана» курсын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді.
Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО психолог-әдіскері Кубентаева Ардак Курмангазиновна.