«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 1–2  наурыз аралығында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында (Алматы қ.) «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізді.

Педагогикалық шеберлік конкурсы педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтау және зерделеу, білім беру жүйесін дамытуға және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізілді.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен – Болысова Гульмира Махсутхановна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ, информатика пәнінің мұғалімі;

ІІІ дәрежелі дипломмен – Джумагулова Амина Казьякберовна, ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі;

ІІІ дәрежелі дипломмен –  Каленова Куляим Серикбаевна, ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі.

«Кәсіби шеберлік көрсеткені үшін» грамотасымен Бутова Ирина Владимировна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, физика пәнінің мұғалімі, Лукьянец Юрий Григорьевич, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, география пәнінің мұғалімі, Орамалова Айзат Женискановна, ШҚО ББ Өcкемен қaлacы бoйыншa бiлiм бөлiмiнiң «№46 opтa мектебi» КММ, тapих пәнiнiң мұғaлiмi марапатталды.

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!