«Жылдың үздік психологі 2022» республикалық байқауының қорытындысы

«Жылдың үздік психологі 2022» республикалық байқауының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 28 ақпан - 2 наурыз аралығында Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында білім беру ұйымдарының психологтер арасында «Үздік жыл психологі» республикалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді. 

Байқаудың қорытынды кезеңіне Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңінің 3 жеңімпазы қатысты.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары бағалады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша республикалық «Жылдың үздік психологі» байқауының II дәрежелі дипломымен ШҚО ББ Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологі Асхатова Әсем Асхатқызы марапатталды.

«Қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін» грамотасымен ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ педагог-психологі Башикова Меруерт Жомартовна марапатталды.

«Жылдың үздік психологі» республикалық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!