Волейболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Волейболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары ХІ жазғы Гимназиадасының қорытындысы

Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында волейболдан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасының жарысы өтті.

Жарысқа 204 оқушыны қамти отырып, аудан/қалалардың (ұлдар мен қыздар) құрама командалары қатысты.

Жарыстар FIVB қолданыстағы халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Номинация бойынша Үздік ойыншылар:

– Үздік ойыншы - Ерімханов Жүрсін, 11 сынып оқушысы, «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ, Тарбағатай ауданы; Егорова Варвара, 11 сынып оқушысы, «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, Өскемен қаласы.

– Үздік либеро - Оралбеков Али, 11 сынып оқушысы, «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы; Лютикова Альбина, 11 сынып оқушысы, «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы.

– Үздік шабуылшы - Тумешов Александр, 11 сынып оқушысы, «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Көкпекті ауданы; Құрманова Аялы, 11 сынып оқушысы, «Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, Үржар ауданы.

- Үздік үйлестіруші - Тұраров Ерасыл, 10 сынып оқушысы, «Бақыршық орта мектебі» КММ, Жарма ауданы; Мицих Сузанна, 11 сынып оқушысы, «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ, Өскемен қаласы.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

Ұлдар:

1 орын – Көкпекті ауданының құрама командасы;

2 орын – Тарбағатай ауданының құрама командасы;

3 орын – Жарма ауданының құрама командасы.

Қыздар:

1 орын – Өскемен қаласының құрама командасы;

2 орын – Көкпекті ауданының құрама командасы;

3 орын – Үржар ауданының құрама командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!