
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «Педагог-шебер» шыңына жету жолдары» шеберлер шеруі циклін өткізеді.
Шараның мақсаты – педагог-шеберлердің тәжірибесі арқылы педагогтердің шығармашылық педагогикалық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік көмек көрсету
Шара барысында педагог-шеберлер: Касымжанова Шайза Оразбековна, ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, «Оқушыларды Қазақстан тарихынан олимпиадаға дайындау жолдары»,
Татманова Асиға Акашевна, ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі, «Сандық технологияны оқыту үдерісінде қолдану» іс-тәжірибелерінен шебер-сынып көрсетеді.
Шеберлер шеруі 2022 жылдың 9 наурызда сағат 15.00-де өтеді.
Өткізу нысаны: қашықтан, «ZOOM» платформасы арқылы.
Жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері. 87017677658