«Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» облыстық онлайн-семинары

«Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» облыстық  онлайн-семинары

 2022 жылғы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы математика мұғалімдерінің республикалық съезі шеңберінде секциялық жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында съезд ұсыныстары мен талқылаулары бойынша облыстық онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында:

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ педагог-шебер Куликова Анна Юрьевна «Орта мектепте математиканы оқытудың мазмұны: МЖМББС, оқу бағдарламасы, оқулықтар»;

ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ педагог-шебер Тілебалдина Назигуль Хауановна «Білім алушылардың білімін бағалау, қорытынды аттестаттау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар»;

ШҚО ББ Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші Ахмадиева Ардақ Нұрмолдақызы «Білім алушылар үлгерімінің ағымдағы бақылауы, аралық және қорытынды аттестаттау, білім жетістіктерін мониторингілеу: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары»;

ШҚО ББ Абай ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші Тілеубай Бақыт Мұқымжанқызы «Мектеп оқушыларының математика пәні бойынша олимпиадалары, байқаулар, ғылыми-жобалық зерттеулер: жағдайы, проблемалары, ұсыныстары»;

ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші Бежекенева Әсия Қасымқанқызы «Математика мұғалімдерін дайындау, кәсіби біліктілікті арттыру, аттестаттау: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары»;

ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ педагог-зерттеуші Нұрғалиева Назира Түгелбайқызы «Республикада математика пәні мұғалімдерін дайындау, кәсіптік біліктілігін арттыру, аттестаттау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстары» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында съезд қорытындысы бойынша ҚР Білім министрі                  А. Аймағамбетовтың ұсыныстары айтылды:

«Мен туындаған жағдай бойынша жұмыс жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойдым, топқа әдіскерлер мен методология мамандары, математика пәні мұғалімдері мен жоғары мектеп өкілдері кірді және олар бағдарламаны жаңарту бойынша жұмысты бастап кетті»;

«Мерзімдерге келетін болсақ, асығыстық зиян келтіруі мүмкін, сондықтан біз жұмысты жыл бойы жүргізуге ниеттіміз. Өйткені, бұл пилоттық жобасын және басқа да дайындық үрдістерін қамтиды. Сонымен қатар, біз бағдарламадағы өзгерістерді талқылауымыз керек, оған жан-жақты қарап, әртүрлі пікірлерді назарға алуымыз қажет – мұғалімдердің өз ұстанымдары бар  және біз оларды ескеруіміз керек».

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің  100 математика пәні мұғалімдері қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.