
ШҚО білім басқармасы Радиотехника және байланыс, Геологиялық барлау колледждерімен бірлесіп, 2022 жылғы 24 ақпанда директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес ТжКБ жүйесінің нормативтік-құқықтық актілерінің өзгерістері кезеңінде оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерін талқылау бойынша облыстық дөңгелек үстелін өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - алдыңғы қатарлы әріптестердің жұмыс тәжірибесін қарастыру арқылы ШҚО колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қызметінің сапасы мен нәтижелілігін арттыруға ықпал ету болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысы барысында модульдік-кредиттік оқытуға көшу шеңберінде оқу-жоспарлау құжаттамасының, сондай-ақ колледж директорларының орынбасарларын аттестаттау рәсімі мәселелері қаралды. «Оқу орнын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Раимбекова Ботагоз Акатаевна баяндама жасаса, ШҚО ТжКББ бөлімінің бас маманы Оралхан Аханқызы колледж директорларының орынбасарларын аттестаттау рәсімі туралы айтып берді. Модульдік-кредиттік оқытуға көшу шеңберінде оқу-жоспарлау құжаттамасын әзірлеу тәжірибесімен Өскемен құрылыс колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Зубкова Юлия Валерьевна және әдіскер Изова Алеся Владимировна бөлісті. Өскемен жоғары политехникалық колледжінің күндізгі бөлімінің меңгерушісі Сыдыкаева Динара Муратовна және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даирбекова Адема Ерлановна құжаттардың негізгі нысандарын (теориялық оқыту журналы, үлгерім ведомості, үлгерім кітапшасы, дипломға қосымша, қорытынды аттестаттау хаттамасы) толтыру арқылы оқу процесін мониторингілеу және бақылау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге «Talap» КеАҚ өкілі қатысып, ШҚО колледж директорлары орынбасарларының сұрақтарына жауап берді.
Осы орайда дөңгелек үстел жұмысы өте мазмұнды және әсерлі өткенін атап өткен жөн. Аталған іс-шараға ТжКБ жүйесі оқу орындарының 60-тан астам өкілдері қатысты. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.