
«Төңкерілген сынып» - цифрлық құралдардың мүмкіндіктері арқасында кең танымал болған инновациялық оқыту әзірлемесі.
2022 жылғы 24 ақпанда жылдық іс-шаралар жоспары шеңберінде ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Физика» және «Информатика» пәндері қауымдастығының төрағаларына онлайн режимде «Физика сабақтарында оқушылардың дербестігін дамыту құралы ретінде «Төңкерілген сынып технологиясы» әдістемелік онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты-тәжірибе алмасу, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша ББ «№1 мектеп-лицей» КММ физика мұғалімі Ю. Б. Котвицкийдің озық педагогикалық тәжірибесін тарату.
Іс-шараға облыстың физика және информатика мұғалімдері қауымдастығының 41 төрағасы қатысты.
Семинар барысында Ю. Б. Котвицкий 7-сынып оқушыларына арналған «Физика» пәнінің «Төңкерілген сынып» оқу-әдістемелік кешенінің электрондық базасын құру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс кезінде қатысушылар тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті және өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсыныстар алды.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.