«Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасы

«Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 24 ақпанында «Үздік өлкетану сабағы-2021» облыстық байқау жеңімпаздарының өлкетану сабағын оқытуда аймақтық компонентті пайдаланудағы тиімді тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Өлкетану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдері» облыстық онлайн-панорамасын өткізеді.

Онлайн-панорамаға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих, қазақ тілі, география және музыка пәндері мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.

Онлайн-панорамада облыстық байқаудың жеңімпаздары:

Никитин Денис Анатольевич, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша ББ «Зубовка орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі;

Рахметоллаева Меруерт  Ермекқызы,  ШҚО ББ Аягөз ауданы бойынша ББ «Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

Нургалиева Жазира Ергазиновна, ШҚО ББ Аягөз аудандық ББ «№1 жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ география пәні мұғалімі;

Альханова Жаныл Рахметтулаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ музыка пәні мұғалімі өлкенің тарихын, табиғи құндылықтарын оқыта отырып, оқушының танымдық қызығушылығын ояту, өлкетану деректері бойынша іздестіру, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

         Семинар соңында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар семинарда бөліскен тәжірибелердің өзектілігі мен тиімділігін атап өтті.

         Модератор: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.