
Мұғалімнің блогингі арқылы педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы Қостанай облыстық әдістемелік кабинетімен бірлесіп 2022 жылғы 23 ақпан күні білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті, математика пәндері және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Блогинг заманауи мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму құралы ретінде» тақырыбында семинар-практикумын өткізді.
«Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Нұрқанова Сәуле Төлеуханқызы үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасының өзектілігін ерекше атап өтті.
Аталған шарада ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 мектеп –гимназия» КММ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Л.А.Фоминых; ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Л.М.Шелепова; ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.В.Айтпаева; ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектеп» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі В.А.Алямкина; ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT – мектеп – лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Г.Н.Сахарова; ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ математика пәні мұғалімі Е.В.Леунова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар спикерлері өз таныстырылымдарында желілік ресурстарды пайдалану тақырыбын ашып, өздерінің онлайн-сервистерінің практикалық маңыздылығын көрсетті, тиімді әдіс – тәсілдерін ортаға салды.
Қостанай облыстық әдістемелік кабинетінің директоры Набатникова Татьяна Ивановна ұйымдастырушылар мен спикерлерге іс-шарада ұсынылған ақпараттың мазмұнды және кешенді көлемі үшін ризашылығын білдірді.
Кері байланыс барысында қатысушы педагогтер танымды іс-шара үшін алғыс айтты. Аталған шараға Қостанай облысының 100 педагогі қатысты.