Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне арналған облыстық онлайн-семинар

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне арналған облыстық онлайн-семинар

 ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылдың 23 ақпанында «Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың маңызы» тақырыбында облыстық онлайн тәжірибе алмасу семинарын өткізді.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі озық әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша әдістемелік қолдау көрсету, балабақша педагогтерінің жұмыс тәжірибесін жинақтау және облыс көлемінде тіл дамыту жұмыстары бойынша озық тәжірибелі балабақшалардың жұмыстарын насихаттау мақсатында семинарда ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №106 «Қарлығаш» балабақша-бөбекжайы» КМҚК педагогтері: балабақша әдіскері-Каримова Жанар Куматаевна «Балабақшада белсенді әдістер негізінде сөйлеуді дамыту 4К моделін жүзеге асырудың шарты ретінде»; балабақшаның педагог-психологі-Байтикова Куралай Амангельдыновна «Мектепке дейінгі баланың тілін дамытудағы ескерілетін маңызды психологиялық аспектілер»; тәрбиеші-Кожанова Багжан Мураткановна «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытудағы заманауи әдістер мен тәсілдерді іс-тәжірибеде қолдану үлгілері»; тәрбиеші-Алимбетова Куляш Уснадиновна «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік-шығармашылықтарын  дамытудағы дивергенттік тапсырмалардың тиімділігі»; тәрбиеші-Ибрагимова Алия Жумановна «Кіріктірілген іс-әрекет түрінде ұйымдастырылған оқу қызметінің сөйлеуді дамытуға тигізер ықпалы»; орыс тілі пәнінің мұғалімі Кабдешова Гульшат Абдрахмановна «Шығармашылыққа негізделген сөйлеу тәсілдері арқылы балалардың тілге деген әлеуеттік мүмкіндіктерін арттыру» тақырыптарында  тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін көрсетті.   

Сондай-ақ балабақша туралы бейне-таспа көрсетіліп, шара барысында балабақша әдіскері Каримова Жанар Куматаевна балабақша педагогтерінің «Shugylakitap» баспасымен бірлесе отырып шығарған «Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу әдістемелік кешені» туралы, балабақша директоры Атыманова Қарғаш Жолжақсиновнаның «Мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеттің соңында рефлексия, яғни өз беттерінше іс-әрекет нәтижесіне баға беруіне көмек беретін құрал-рефлексия тақтайшасы» әдістемелік құралы туралы,  мектепке дейінгі ұйымдағы ересек және мектепалды даярлық топтарында жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналған «Инабаттылық тәрбиесі» атты әдістемелік кітапшасы туралы кеңінен айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар кері байланысқа шығып, пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға жауаптар алынып, өткізілген семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды даярлық топтардың 100 тәрбиешісі қатысты.

Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.

Семинар модераторы: ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының мектепке дейінгі, мектепалды, бастауыш білім беру кабинетінің әдіскері Қырықбаева Айгүл Қадылбековна.