Облыстық «Педагог-шебер » шыңына жету жолдары» шеберлер шеруі

Облыстық «Педагог-шебер » шыңына жету жолдары»  шеберлер шеруі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тарих пәні мұғалімдерінің «Атамекен» қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2022 жылдың 23 ақпан күні  облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін «Педагог-шебер» шыңына жету жолдары» облыстық шеберлер шеруін («ZOOM» платформасы арқылы) өткізді.

Шараның мақсаты – педагог-шеберлердің тәжірибесі арқылы педагогтердің шығармашылық педагогикалық қызметін қалыптастыру, кәсіби және жеке дамуына әдістемелік көмек көрсету.

Шара барысында педагог-шеберлер : Какаулина Людмила Николаевна, ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Камышинка жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ тарих пәні мұғалімі «Развитие читательский грамотности на уроках общественных дисциплин»;

Хакимова Альмира Курбангалиевна , ШҚО ББ Семей қаласы бойынша білім бөлімінің  «№ 20 орта мектеп»КММ тарих пәні мұғалімі « Методические рекомендации по организации деятельности учителя в условиях инклюзивного обучения в современной общеобразовательной школе.  Эффективные приемы» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңындағы кері байланыста қатысушылар спикердің шебер деңгейге жетудегі жұмыс жүйесі бойынша іс тәжірибесінен алған  білімдерін жұмыс барысында қолданатындарын атай келе, спикерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Модератор:Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.