«Вирус - иммунитетті жекпе-жекке шақыру: вирустық аурулардың тарихи-философиялық және медициналық аспектілері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция

«Вирус - иммунитетті жекпе-жекке шақыру: вирустық аурулардың  тарихи-философиялық және медициналық аспектілері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция

ШҚО білім басқармасы медициналық бағыттағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары медициналық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 22 ақпанда колледждердің 1-2 курс студенттері арасында «Вирус - иммунитетті жекпе-жекке шақыру: вирустық аурулардың тарихи-философиялық және медициналық аспектілері» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысын шығарды.

Мақсаты – зерттеу дағдыларын жетілдіру және зерттеу қабілеттерін дамыту арқылы студенттер тұлғасының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, колледждер арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамыту және күшейту.

Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:

- «Вирустар - адамзатқа жаһандық сынақ»;

- «Адамзат тарихындағы пандемия: шешу жолдары, әлеуметтік-мәдени салдары»;

- «Вирустық аурулардың валеологиялық аспектілері».

Қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде тақырыптың өзектілігіне, ерекшелігіне, мәселе бойынша өз көзқарастары мен тұжырымдарының болуына, сондай-ақ, жұмыс тақырыбының мазмұнына, сәйкестігіне және т.б. ерекше назар аударды.

Конференцияның қорытындысы келесі жүлделі орындарды төмендегідей анықтады:

№1 секция. Вирустар - адамзатқа жаһандық сынақ:

І орын – Рахимов Мади (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);

ІІ орын – Тагаева Альмира (Өскемен жоғары медициналық колледжі);

ІІІ орын – Айтказина Аяулым (Өскемен жоғары медициналық колледжі).

№2 секция. Адамзат тарихындағы пандемия: шешу жолдары, әлеуметтік-мәдени салдар:

І орын – Алиев Ислам (Өскемен жоғары медициналық колледжі);

ІІ орын – Кызырбеков Эльдар (Өскемен жоғары медициналық колледжі);

ІІІ орын – Заданова Айзада (Өскемен жоғары политехникалық колледжі).

№3 секция. Вирустық аурулардың валеологиялық аспектілері:

І орын – Жаксылыкова Ажар (Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі);

ІІ орын – Юнгис Виктория (Өскемен жоғары медициналық колледжі);

ІІІ орын – Завалишина Инна (Өскемен жоғары медициналық колледжі).

Конференцияның барлық жүлдегерлері мен жеңімпаздарын құттықтаймыз!