Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМАСЫ

Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты-мұғалімдердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысын арттыру.

Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарының, облыстық білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері, «Математикалық регата» аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

Барлық педагогтер қатысу сертификатына ие болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Облыстық олимпиада 2022 жылдың 4 наурызында өтеді.

Өткізу орны Өскемен қаласы, «Шығыс» ӨО, Абай даңғылы, 21.

Өткізу уақыты- 9.00 сағ.

Модератор – Желпакова Айгуль Халелевна, оқытудың мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинет әдіскері, 87774966377.